Еуропарламент депутаттары ауған әйелдерінің құқығын қорғауға шақырды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропа Парламентінің гендерлік теңдік апталығы мәтінінде әйел құқықтары және гендерлік теңдік комитеті Ауғанстанмен байланыс жөніндегі делегациямен бірлесіп арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Жұма күні Еуропарламентте «Ауған әйелдері бітімгерлер мен қоғамдық көшбасшылар ретінде» атты жария тыңдау өтті.

Ауғанстанның бес әйел суретшісі, әйелдер құқығын қорғаушы белсенді, мектеп негізін қалаушылар мен кәсіпкерлер өз жобалары, тәліптер билігі кезіндегі әйелдердің қазіргі жағдайы және Еуропалық Одақтан күтетін үміті туралы айтты.

Екі төраға: Эвелин Регнер (әйелдер құқығы және гендерлік теңдік комитеті) және Петрас Ауштравячюс (Ауғанстанмен байланыс жөніндегі делегация) мынадай мәлімдеме жасады:

«Біз Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың құқықтарына қатты алаңдап отырмыз. Бұл, атап айтқанда, білім және кәсіби қызмет саласына қатысты. Ауған әйелдері мен қыздарын Еуроодақтың Талибан билігімен (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) байланыс орталығына және парламенттің басымдықтары қатарына қою керек екеніне сенімдіміз».

Біз ЕО-ға гуманитарлық көмектен басқа, тәліптермен кез келген жедел әрекеттесу шарттары туралы еске саламыз. Осы мәлімдемеде, егер жағдай мүмкіндік берсе, адам құқықтарының сақталуын бақылау тетігін және фактілерді анықтау миссиясын құруды ұсынамыз.

Еуроодаққа мүше мемлекеттерді босқындарға көбірек виза беруге және Ауғанстаннан шығу кезінде қауіп төнген әйелдерге көмек көрсетуге шақырамыз.

Сондай-ақ, ЕО мен мүше мемлекеттерге Ауғанстан мен көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге тағы да жедел үндеу тастаймыз. Атап айтқанда, балалар, жастар мен әйелдер білім алуға және медициналық қызметке қол жеткізе алуы тиіс. Әйел мұғалімдердің жетіспеушілігінен қыздарға арналған мектептердің жабылуы бұл қолайсыз сылтау болып отыр. Сонымен қатар, біз ауған әйелдерінің ЕО-ға олардың болашағы қайда және қашан шешілетіні туралы тең құқылы келіссөздерге қатысуға көмектесу туралы өтінішін қолдаймыз. Ауғанстанның болашағын қалыптастыруда қоғамның барлық салалары, соның ішінде ауған әйелдері де қамтылуы тиіс».


Соңғы жаңалықтар