Еуропаны қалың қар басты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропада қалың қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Париж қалың қардың астында қалды. Сенбі күні француз астанасына жауған қардың қалыңдығы 4 см-ге жетті. Осыған орай елдің 32 департаментінде ауа райы қаупінің қызғылт сары 1-деңгейі жарияланып отыр. Иль-де-Франс астаналық өңірінде қардың соңы жауынға айналып, салдарынан ірі жол-көлік апаттары орын алды. Адам шығыны да бар.
Қалың қар Бельгияның барлық аймағында жауып жатыр. Бельгия көшелерінде де қар қылаулады. Метеорологтар көлік жүргізушілер мен велосипедшілерге таяу уақытта жолдарда қауіпті жағдай сақталатындығын ескертіп отыр.
Германияның оңтүстігінде қар тазалайтын көліктер күні бойы жолдарды тазалады. Қалың қар көлік бейберекетсіздігін алып келді. Ал елдің оңтүстік-шығысында Швейцариямен шекарада қалың қар салдарынан ағаш құлап, қарт әйелдің ажалына себеп болды.
- Алматыда қалың қардың кесірінен ағаштар құлады
- Ақтөбе-Хромтау жолындағы кептеліс: Қозғалысты қалпына келтіру жұмысы басталды
- Елордада екі бағыттағы жол жабылды
- Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
СҚО-да боран күшейіп, республикалық бағыттағы бірқатар жол жабылды
-
СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам