Еуропалық комиссия COVID-19 вакцинасын алғандарға Еуроодаққа кіруге рұқсат беруді ұсынды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Еуропалық комиссия Еуроодаққа мүше елдерге ЕО-ға маңызды емес сапарларға шектеулерді жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ұсынысты Еуропалық комиссия вакцинация және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту саласындағы жетістіктер негізінде әзірледі.

Еуропалық комиссия қолайлы эпидемиологиялық жағдайы бар елдердің адамдарына ғана емес, сонымен қатар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі рұқсат еткен вакцинаны алған барлық адамдарға ЕО-ға маңызды емес себептермен де кіруге рұқсат беруді ұсынады.

Болашақта вакциналардың тізімін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берген вакциналар есебінен кеңейтуге болады.

Еуропалық комиссия барлық сапарларға рұқсат етілетін елдердің тізімін анықтауда қолданылатын COVID-19 ауруының жаңа жағдайларының шекті мәнін арттыруды ұсынады.

Сонымен бірге «коронавирус мутациясының пайда болуы қырағылықты қажет етеді», деді Еуропалық комиссия.

Сақтық шарасы ретінде «шұғыл тежеу» тетігі әзірленді, ол ЕО деңгейінде үйлестіріледі және мұндай нұсқалардың ЕО-ға келу қаупін шектейді.

«Шұғыл тежеу» тетігі мүше мемлекеттерге тиісті санитариялық шараларды қабылдауға қажетті уақытқа КВИ жағдайы күрделі елдерден барлық сапарларды жедел және уақытша қатаң минимумға дейін шектеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қолданылатын «Спутник-5» вакцинасын алған адамдарға ЕО-ға кіруге рұқсат беру мүмкіндігіне пікір білдіре отырып, Еуропалық комиссия бұл мәселе еуропалық дәрілік заттар агенттігіне байланысты екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар