Еуропада халық саны азайып келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Еуропалық Одақ халқының саны азайып келеді. Еуростатистика мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еуроодақтың 27 елінде тұратын адам саны 12 айда 278 мың адамға азайып, 447,2 миллион адамға жеткені айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

2001 жылы Одақта 429 миллион адам өмір сүрген. Халықтың табиғи өсімі, яғни туу мен өлім арасындағы айырмашылық 2020 жылы -2,5-ке дейін төмендеді. Бұл COVID-19-ға байланысты болуы мүмкін. Өйткені пандемия ресми мәліметтерге сәйкес ЕО бойынша шамамен 1,09 миллион адамның өмірін қиды. 65 жастан асқан адамдар қазір Еуропалық Одақ тұрғындарының бестен бірін құрайды, ал 80 жастағы және одан да қарт адамдардың саны соңғы 20 жылда 2001 жылғы 3%-дан 6%-ға дейін екі есе өсті.

Сонымен қатар, 20 жасқа дейінгі адамдардың саны 2001 жылғы 23%-дан 2021 жылы 20%-ға дейін азайды. Еуростат деректері сондай-ақ әйелдердің ерлерге қарағанда шамамен 5% көп екенін және бұл арақатынас әсіресе Балтық елдерінде біркелкі емес екенін көрсетеді. Латвия, Литва және Эстониядағы әйелдердің саны еркектерге қарағанда сәйкесінше 16%, 13% және 10% көп. Алайда, одаққа мүше мемлекеттер ішінде керісінше әйелдерге қарағанда ер адамдар көп елдер де бар. Олар Мальта, Люксембург, Швеция және Словения.


Соңғы жаңалықтар