Еуропада екпе салдырмағандармен күрес жүріп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирустың төртінші толқыны кей елдерде вакцина салдыртпағандар үшін жаңа шектеулер енгізуге мәжбүрлеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қыстың соңына қарай неміс халқы «не вирусқа қарсы екпе салдыртқан, не емделген немесе қайтыс болған» болады. Мұндай пікірін елде қауіпті вирус жұқтыру оқиғалары санының күрт өсуіне байланысты Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан білдірді.

Елде рождестволық сауда өтпейтін болды. Берлинде кейбіреулері жұмыс істегенімен, көбіне тек вакцина салдыртқандар үшін ғана ашық.

Венаның қаңырап қалған көшелері бүкіл Еуропа сыртқа шықпауға мәжбүр болған бұрынғы заман уақытына теңеліп отыр. Австрия құрлықта бірінші болып жалпыға ортақ локдаун енгізген ел болды. Онда ауру жұқтыру өсімі жоғарылап, вакцина алған адамдар деңгейі төмен тұр.

Брюссельде вакциналауға қатысты орнаған теріс пікірді COVID-19 төртінші толқынының басты проблемасы деп саналуда.

Бүкіл Еуроодақтағы көптеген жас және кәрі азаматтардың жағдайы COVID-19 вирусына қарсы вакциналау бағдарламалары болмаса, әлдеқайда нашар болатын еді. Алайда енді біз адамдардың екпе салдыртпауы салдарынан орын алып отырған пандемияға тап болдық. Барлығымыз осыған қарсы тұруымыз керек», - деп атап өтті денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі еврокомиссар Стелла Кириакидес.

Чехияда екпе салдыртпағандар қоғамдық орындарға кіргізілмейтін болған. Елде тұрғындардың 60 пайыздан аз тұрғыны екпе салдыртқан, бұл Еуроодақ бойынша жалпы көрсеткіштен төмен болып отыр.

Чехиядан көршілес Словакия да үлгі алған. Енді онда екпе салдыртпағандар үшін жарым-жартылай локдаун енгізілді – «вакцина салдыртқан/ауырған статусынсыз мейрамханада тамақтану, тіпті сауда орталығына кіру мүмкін емес.


Соңғы жаңалықтар