Еуропа Одағы қазақ тілінде «Еуропа әлемінде» атты ертегі кітабын жарыққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі тұңғыш рет «Еуропа әлемінде» атты ертегілер жинағын қазақ тілінде жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Кітапта Еуропаның мәдени мұрасының бірыңғай топтамасы ретінде Еуропалық Одақ елдерінің аңыздары мен басқа да дәстүрлі ертегілері жинақталған. Кітаптың мақсаты – Еуропа халықтарының таңғажайып халық дәстүрлерінің ортақ негізін табу, сонымен бірге Ескі құрлықтың құндылықтарының бірлігін көрсету.

    Кітапта Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің әрқайсысының халық ертегілері, аңыздары, әрі нақыл сөздері келтірілген, сол арқылы олар ортақ ежелден келе жатқан мәдени сабақтастығын көрсетеді. Жинақтағы кейбір аса сирек кездесетін ертегілер қазақ тілінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Аталмыш кітапта батырлар, айдаһарлар, перілер туралы не халық әзіл –сықағына толы түрлі хикаяларды кездестіруге болады.

          «Қазақстандық оқырманның басым көпшілігі осы ертегілермен таныс екеніне сенімдімін. Мәдениет шекара талғамайды, құрлықтарға, кейде одан да тыс аймақтарға өріс жаяды. Сол себепті біздің ұқсастығымыз біз ойлағаннан да көбірек. Бұл кітаптың мақсаты - осы байланысты көрсету», - дейді Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон.

          Кітап бойынша жұмыс жарты жыл жүргізілді. Барлық иллюстрацияны Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері, дарынды апалы-cіңілі Ғалия және Балқия Құсайыновалар салды.

          «Еуропа әлемін бейнелейтін суреттер арқылы оқырмандар ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, cол заманның сиқыр мен қиял әлеміне жол ашады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Ғалия және Балқия Құсайыновалар.

            Кітаптың тұсаукесеріне арнайы Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі онлайн науқанын жариялады. Күнделікті Өкілдіктің әлеуметтік желі парақшаларында ЕО-ға мүше мемлекеттердің Елшілері бейнеролик форматында ертегілерді оқып, Еуропаның ғажайып ертегілер әлеміне оқырмандарды саяхаттауға шақырады.

                  «Еуропа әлемінде» ертегілер кітабының электронды нұсқасын мына сілтемеге кіріп, оқи аласыз.



                  Соңғы жаңалықтар