Еуропа лигасы: «Қайсар» жарыс жолынан шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ққазақстандық «Қайсар» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысынан аса алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, қызылордалық клуб бүгін Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпаов атындағы стадионда Кипрдің АПОЭЛ клубымен кездесті. Жеңімпаз бір ғана ойын нәтижесі бойынша анықталды.

Ойын қазақстандық клуб үшін сәтті басталған еді. Команда капитаны Асхат Тағыбергеннің алыстан тепкен добын АПОЭЛ қақпашысы кері қайтарған болатын. Сол маңда тұрған «Қайсар» шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе оны голға айналдырып кетті. Бірінші кезеңде кипрлік клуб оңвн екі голмен жауап қайырды. Оны Де Винсенти Томас 15, Тухами Ануар 25-минутта өздерінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде қазақстандық клуб алға ұмтылған еді. Дегенмен олардың қателігін кипрлік футболшылар шебер пайдаланып кетті. Нәтижесінде 48-минутта АПОЭЛ футболшысы Анцили Омер мергендік танытты. Олар 90-минутта Де Винсенти Томас қорытынды есепті белгіледі. Кездесуде кипрлік клуб 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді олар жарыстың үшінші сатысында ойын көрсетеді.

Айта кетейік, кипрлік команда жылма-жыл еурокубок ойындарында ойын көрсетіп келеді. Клуб 1926 жылы ел астанасы – Никосия қаласында құрылған. Содан бері 28 мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетелік, бұл кездесу қызылордалық команданың еурокубок ойындарындағы тұсаукесер ойыны болмақ. Бұл мүмкіндікке «Қайсар» 2019 жылы Қазақстан кубогын алғаннан кейін қол жеткізді.

Бүгін Еуропа лигасында қазақстандық клубтардың қатысуымен екі ойын өтеді.

Елордалық «Астана» Алматыда Черногорияның «Будучность» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20.00-де басталады.

Ал Алматының «Қайраты» Израильде жергілікті «Маккаби» (Хайфа) клубымен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 23.00-де басталады. Екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында Шымкенттің «Ордабасы» командасы Румынияның «Ботошани» клубына 1:2 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған еді.


Соңғы жаңалықтар