+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Қайсар» тәжірибелі қарсыласын жеңе ала ма

2020 жылғы 17 қыркүйек 08:31
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Қайсар» тәжірибелі қарсыласын жеңе ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Қайсар» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында Кипрдің АПОЭЛ клубымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық төреші Токио олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлер қатарына енді Таразда Мұз айдыны салынады Қазақстандық дзюдошы әлемдегі ең үздік он балуанның тізіміне енді

Естеріңізге сала кетелік, бұл кездесу қызылордалық команданың еурокубок ойындарындағы тұсаукесер ойыны болмақ. Бұл мүмкіндікке «Қайсар» 2019 жылы Қазақстан кубогын алғаннан кейін қол жеткізді.

Қызылордалық командаға тәжірибелі клуб жолықты. Жанкүйерлер АПОЭЛ клубының әлеуетін жақсы біледі. Кипрлік команда жылма-жыл еурокубок ойындарында ойын көрсетіп келеді. Клуб 1926 жылы ел астанасы – Никосия қаласында құрылған. Содан бері 28 мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Биыл аталған команда өз елінде қола жүлдені қанағат тұтты. Сәтсіздікке байланысты норвег маманы Коре Ингебригтсен қызметінен кетті. Бүгінде ол қызметті грекиялық Маринос Узунидис атқарады. Ол 2002 жылы АПОЭЛ сапында ел чемпионы атанған еді. Ал 2007 жылы бас бапкер ретінде кипрлік клубпен бірге чемпион болды.

Өз елінің доп додасындағы сәтсіздіктен кейін биыл команда құрамында да көптеген өзгеріс жасалды. Келісім-шарт мерзімінің бітуіне байланысты ұзақ жылдан бері негізгі қақпашы болған нидерландтық Бой Ватерман мен грекиялық Праксителис Вурос, швециялық Линус Халлениус, кипрлік Андреас Макрис, Андреас Параскевас, Андреас Артемиу, Стафис Алонефтис өзге клубтарға ауысып кетті. Олардың орнына иорданиялық Омар Хани, македониялық Урош Матич, бразилиялық Алеф, словениялық Вид Белец, сербиялық Андрия Павлович, Милан Евтович, исландиялық Бьорн Сигурдарсон, португалдық Андре Видигал келді.

«Қайсар» мен АПОЭЛ командалары арасындағы ойын бүгін, 17 қыркүйекте елорда уақытымен 18.00-де басталады. Кездесу Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда болады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT