+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Еуроодақта 12-17 жас аралығындағыларға арналған екінші Covid-19 вакцинасы мақұлданды

2021 жылғы 24 шілде 11:16
Бөлісіңіз:
Еуроодақта 12-17 жас аралығындағыларға арналған екінші Covid-19 вакцинасы мақұлданды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық дәрілік заттар агенттігі Moderna компаниясынан 12-17 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға арналған COVID-19 «Spikevax» препаратын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды 4 672 науқас коронавирустан жазылып шықты Тағы 3 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырды

12 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда «Spikevax» вакцинасын қолдану 18 жастан асқан адамдармен бірдей болады. Препарат төрт апта аралықпен иыққа екі инъекция арқылы енгізіледі.

«Spikevax» тиімділігін зерттеуге 12 жастан 17 жасқа дейінгі 3732 бала қатысты. Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің баспасөз баянында препарат 12-17 жас аралығындағы балаларда 18-25 жас аралығындағы жастарда (SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелер деңгейі бойынша) байқалған реакциямен салыстырмалы антидене реакциясын тудырды деп көрсетілген.

Вакцина алған 2163 баланың ешқайсысында жалған инъекция жасалған 1073 баланың төртеуімен салыстырғанда COVID-19 дамымаған. Бұл нәтижелерге сәйкес 12-17 жас аралығындағы балалардағы Spikevax тиімділігі ересектерге арналған вакцинаға ұқсас деген қорытынды жасауға болады.

Бұған дейін еуропалық реттеуші америкалық Pfizer компаниясының 12-17 жастағы балаларға арналған вакцинасын мақұлдаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT