Еуроодақ жаңа вакцина – Novavax-ты сатып алуға келісім жасасты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еурокомиссия сынақтан өтіп жатқан COVID-19-ға қарсы жаңа - «Novavax» вакцинасын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Бұл – Еурокомиссия коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндірушілермен жасасқан 7-інші келісім.

Аталған келісімшартқа сәйкес, ЕО-ға мүше мемлекеттер бастапқыда «Novavax» вакцинасының 100 млн дозасына дейін сатып ала алады. 2021-2023 жылдар ішінде осы препаратты Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік «қауіпсіз және тиімді» вакцина ретінде қарастырып, бекіткеннен кейін тағы 100 млн дозаға қосымша тапсырыс беру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, ЕО-ға мүше мемлекеттер вакциналарды табысы төмен және орташа елдерге бағыттай алады немесе басқа Еуропа елдеріне жібере алады.

2021 жылы дәрі-дәрмектер саласындағы еуропалық орган «Novavax» вакцинасы бойынша өз қорытындысын жасайды деп күтілуде.

Американың «Novavax» компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы NVX-CoV2373 вакцинасы АҚШ пен Мексикадағы ауқымды сынақтар кезінде осы вирусқа қарсы, оның ішінде оның әртүрлі мутацияларына қарсы 90% тиімділікті көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар