Еуроодақ пен Куба қарым-қатынасты жақсарту туралы келісімге қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келісімге қол қою іс-шарасы Брюссельде Кубаның сыртқы істер министрі Бруно Родригес пен ЕО дипломатия басшысы Федерик Могериннің кездесуінде өтті.

Осы сәттен бастап ЕО 1996 жылдан бергі аралдарға қатысты шектеулі саясатты тоқтатады.

 EUObserver хабарлағандай, Брюссель мен Гавана болашақта адам құқығы, көші-қон және сауда мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды.

Наурыз айында ЕО мен Куба экономикалық және басқа да салалардағы серіктестік бойынша қарым-қатынасты жақсарту туралы келісімге қол қойған болатын. 

Соңғы жаңалықтар