Еуроодақ Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан әрі арттырмақ

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Еуропалық Одақтың Сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы соңғы оқиғаларды талқылау мақсатында кезектен тыс отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс қорытындылары бойынша, Еуроодақтық Сыртқы істер және қауіпсіздік саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуропалық Одақ атынан мәлімдеме жасады.

«ЕО Ауғанстандағы барлық тараптарды өзіне жүктеген міндеттемелерді сақтап, барлығын қамтитын және берік саяси шешім іздеуді жалғастыруға шақырады», - делінген мәлімдеме мәтінінде.

Еуроодақ Еуроодақтың Ауғанстандағы барлық азаматтардың, сондай-ақ ЕО және мүше мемлекеттерге қызмет етіп жүрген жергілікті адамдар қауіпсіздігінің маңыздылығын атап өтуде.

Бұдан басқа, ЕО Ауғанстанның барлық аумағында кез келген зорлықты тоқтату, қауіпсіздік пен азаматтық тәртіпті қалпына келтіру, сондай-ақ азаматтардың өмірі, ар-намысы және мүлкін құрметтеуге үндеп отыр.

Ж.Боррель ЕО-ның ауған халқы мен демократия, елдегі қолайлы басқару, адам құқықтарын сақтау және әлеуметтік-экономикалық дамуға қолдау көрсетуін жалғастыратырып, Ауғанстанда жалғасып отырған шиеленіс жағдайында аймақтық тұрақсыздыққа, есірткінің заңсыз айналымына және заңсыз көші-қонға әкеліп отырған қауіп-қатерлердің алдын алу және басқару бойынша барынша күш салатынын мәлімдеді.

«Бұл мәнде ЕО-ның Орталық Азиядағы серіктестерімен өзара әрекеттестігі үлкен мәнге ие болады», - делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.

Автор: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар