Еуроодақ Орталық Азияда құны 55 млн еуролық үш бағдарламаны іске асырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуроодақ Орталық Азияда құны 55 млн еуролық үш бағдарламаны іске асырмақ. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қарашада Қазақстан астанасында Еуропалық одақ сауданы дамыту, заңның үстемдігі мен Орталық Азиядағы іскерлік тартымдылық бойынша жалпы бюджеті 55,6 млн еуроны құрайтын үш жаңа өңірлік бағдарламасын іске қосуға орайластырылған «Аймақтың өркендеуі үшін Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту» атты конференциясын өткізеді. Бұл іс-шара біздің өңірдің өсіміне қол жеткізу үшін Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Еуропа кеңесі, Халықаралық сауда орталығы және Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымымен бірлесіп, ұйымдастырылады», - деді Айбек Смадияров.

Форум жұмысына Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның үкіметтік делегациялары қатысады.

Соңғы жаңалықтар