Еуроодақ делегациясы Түркияға сапармен барады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Біз адал серіктестікке ұмтыламыз», - деді Урсула фон дер Лейен.

Сейсенбіде Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель мен Еуропалық комиссияның президенті У. Ляйен Түркияда ел президенті Р. Ердоғанмен келіссөздер жүргізді.

Ш. Мишельдің айтуынша, Анкараға сапардың басты мақсаты Түркиямен қарым-қатынасты «қайта бастау» мүмкіндіктерін іздеу болды. «Түркия басшылығы мұны пайдаланады деп үміттенеміз», - деді Еуропалық кеңестің басшысы. Сондай-ақ ол Анкара мен Брюссельдің екі жақты қарым-қатынасы соңғы бірнеше айда «жылынғанын « айтты. Еурокомиссияның президенті У. Ляйен ЕО мен Түркия арасындағы әріптестікті қалпына келтіру – бұл әлі де «жолдың басы» екенін атап өтті.

«Алдағы апталар мен айлар осы жолмен қаншалықты алысқа бара алатынымызды көрсетеді», - деді В.Ляйен.

Сапар барысында еуропалық делегация Түрік басшылығына экономикалық байланыстарды нығайтуды, қарым-қатынасты жақсарту үшін өзара іс-қимылды жақсартуды және бірлескен көші-қон саясатын қарастыруды ұсынды.

Авторы: Арнур Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар