Еуроодақ АҚШ-тың еуропалықтардың келуіне тыйым салу туралы шешімін айыптады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель мен Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Америка президенті Дональд Трамптың коронавирус індетіне байланысты Еуропадан келушілерге АҚШ-қа кіруге тыйым салу туралы шешімін айыптады. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

«Коронавирус – бұл жаһандық дағдарыс, ол қандай да бір континентпен шектелмейді және біржақты әрекеттерді емес, ынтымақтастықты талап етеді», - делінген бейсенбі күні таратылған бірлескен мәлімдемеде .

«Еуропалық одақ елге кіруге тыйым салуды енгізу туралы АҚШ- тың шешімі біржақты тәртіпте және кеңеспей қабылданғанын мақұлдамайды», - деп атап өтті Мишель мен фон дер Ляйен.

Алайда олар «Еуропалық одақ вирустың таралуын шектеу үшін батыл шараларды қабылдауда» деп сендірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Құрама Штаттардың Еуропамен арадағы кез келген қатынасы, сонымен бірге теңіз және әуе тасымалының 30 күнге жабылатынын жариялаған болатын.

Авторы: Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар