Euronews нұсқасы бойынша Венгриядағы жыл сөзі - «Қыпшақ»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Euronews телеарнасының нұсқасы бойынша «Қыпшақ» Венгрияда жыл сөзі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәулік бойы хабар тарататын Euronews еуропа телеарнасы 2019 жылы Еуропадағы ең маңызды және танымал сөздерге қорытынды жасады.

Телеарна нұсқасы бойынша Венгрияда жыл сөзі деген атауға «Қыпшақ» сөзі лайық деп танылыпты. Арнаның айтуынша, елдің премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қыпшақтардың досы деп атағанда венгрлер қатты таңқалған. «Қыпшақтар Венгрияда өмір сүреді, венгрлерде қыпшақтың қаны бар», - деп атап өтті Венгрия премьер-министрі. Бұл оқиға Орбан Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесіне барған кезде болған.

Euronews мәліметі бойынша, ағылшын тіліндегі ең танымал сөз «fatigue» -шаршау. Euronews тілшісі бұл сөз Brexit жағдайына байланысты тұрақсыздықтан шаршаған Ұлыбританиядағы көңіл күйді сипаттайтынын айтты.

Euronews Париж Құдай-ана соборындағы өрттен кейін Францияның жыл сөзі «restauration» - қалпына келу, реставрация болады деп шешкен. Бұдан бөлек, тілші еуропалық институттарға ел азаматтарымен байланыс орнататын кез келді деп есептейді.

Сонымен қатар, телеарна итальян, грек, испан, неміс және басқа еуропа тілдеріндегі ең танымал сөздерді атады.

Соңғы жаңалықтар