Euronews Астана экономикалық форумының басты ақпараттық серіктесі атанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Euronews өкілдері «Жаңа энергия жаңа экономика» Х Астана экономикалық форумына қатысатындықтарын растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еуропалық телеарна Форумның ресми  серіктесі атанады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Самал Ибраева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Жаңа энергия  жаңа экономика» тақырыбындағы Х Астана эконмикалық форумына әлемнің түрлі елдерінен келген 900 спикер қатысады. Нақтырақ айтқанда, Астанаға Франциядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан және Қытайдан экономистер келеді. Шетелдік БАҚ арасынан Euronews ресми ақпараттық серіктес ретінде форумға қатысатындарын растады, сондай-ақ форумға CNN және Financial times қатысады», - деді ол.

«Жаңа энергия  жаңа экономика» атты Х Астана эконмикалық форумы елордада 15-16 маусым күндері өтеді. Оған қатысу үшін 2 609 адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар