Еуразиялық нарықта отандық тауар өндірушілердің құқығын қорғау қадамдары айқындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шартта Еуразиялық экономикалық одағының тауар белгілеріне және тауарлары шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғауды беру тәртібі, өтінім берушілер мен құқық иеленушілердің құқықтары, сондай-ақ тиісті өтінімдерді қарау кезінде ұлттық патенттік ведомстволардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі көзделген.

Осы заң жобасының мақсаты - тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу мен қорғаудың өңірлік жүйесін құру.

«Көрсетілген объектілерді тіркеудің өңірлік жүйесін енгізу Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген. Бұл жүйенің артықшылығы бір қорғау құжатын бес мемлекеттің аумағында бір уақытта алу мүмкіндігі болып отыр. Өнеркәсіптік меншік нясандарына қатысты тиісті қорғауды алу үшін ең маңызды факторлардың бірі берілген өтінімнің басымдық күні болып саналады. Бұл жүйе бір өтінім беру арқылы бес мемлекетте бір басымдық күнін белгілеуге мүмкіндік береді. Шартты ратификациялау ұлттық тауар белгілері иелерінің құқықтарын шектемейді, сонымен бірге еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.


Соңғы жаңалықтар