Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың соңына дейін «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу» жобасын бастауға арналған құжаттар топтамасын дайындау жоспарланған. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жоғарыда аталған электрондық биржалар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Электрондық құжаттаманы енгізу қажеттілігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын орындауға итермелеп, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек көші-қонының сақталуын бақылауға мүмкіндік жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары электрондық еңбек биржасының жобасын әзірлеуге келісті.



Соңғы жаңалықтар