Еуразия медиа форумы халықаралық форматтағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтеді – Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XVII Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау лебізін оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерді XVII Еуразия медиа форумsyда көргеніме қуаныштымын. 19 жыл ішінде форум бүкіл аймақтың жетекші медиаплатформаларының біріне айналды. Бұл шара дәстүрлі түрде талантты журналистер мен медиаменеджерлерді, танымал саясаткерлер мен беделді сарапшыларды біріктіреді. Ал форумда талқыланатын мәселелер ауқымы медиа саласынан әлдеқайда асып кетті», - деді Мемлекет басшысы.

«Тұтастай қамтылған жаһандық трансформация, іргелі өзгерістер мен әлеуметтік процестер кезеңінде барынша өткір мәселелерді ашық талқылап, оларды шешу жолдарын бірге табу бұрынғыдан да маңызды боп отыр. Коронадағдарыстың басталуымен бүкіл әлемде сапалы ақпаратқа қоғамдық сұраныс күшейе түсті, жалған ақпаратпен күресудің шұғыл қажеттігі туындады. Форум осы бағыттағы өзекті үрдістер мен тәсілдерді талқылауға тамаша мүмкіндік береді», - деп атап өтті Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа реалиялар медиасфераның алдына жаңа міндеттер қойып отыр, оның болашағы аталған міндеттердің шешілуіне байланысты.

Цифрландыру процесі де айтарлықтай жеделдеді.

Аудиторияның қалауы мен әдеттері жылдам өзгеруде, ақпарат берудің жаңа форматтары пайда болып, әлеуметтік желілер өзгеріп келеді.

«Бұл мәселені кәсіби тұрғыдан талқылау БАҚ-тың дамуына жаңа серпін береді деп есептеймін. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия да мазмұнды болатынына сенімдімін. Қазақстанның жүйелі жаңғыру жолы мен халық бірлігін сақтаудың бірегей тәжірибесі ерекше назар аударуға лайық. Біздің мемлекетіміздің стратегиялық бағытының маңызды құрамдас бөлігі – ашық диалог пен жан-жақты әріптестік. Бұл ретте форум заманауи медиатрендтерді ұғынуға ғана емес, халықаралық форматтағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге де ықпал етеді деуге болады. Қазақстан әрдайым сындарлы күн тәртібін ілгерілетуге мүдделі және барлық салада, соның ішінде медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар