Еуразия апталығы аясында бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылды - Марат Құсайынов

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Ереванда ұйымдастырылған «Еуразия апталығы» Халықаралық көрме форумы алаңында Еуразиялық экономикалық комиссия бірқатар маңызды шараларды өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне берген сұхбатында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бесекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі алқа мүшесі Марат Құсайынов.

«Біріншіден, әлемдік жетекші сарапшылардың қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бәсекеге қабілеттілік саясатын жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық конференция өткіздік. Екіншіден, бизнеспен бәсекелестік Блогының көшпелі Қоғамдық қабылдау отырысын ұйымдастырдық. Біз бизнесті бәсекелестік ережелерінің бұзылуына байланысты жауапкершілік туралы ақпараттандырып қана қоймай, нарықтағы антибәсекелестік кезінде өз құқығын қалай қорғау керектігін айтып бердік. Сонымен бірге, Қоғамдық қабылдау аясында бірқатар кәсіпкерлердің жеке консультациясы жүргізілді», - дейді ол.

Марат Құсайыновтың айтуынша, үшіншіден «5+1» форматы арқылы Экономикалық одақ елдерінің антимонополиялық ведомство басшыларымен жариялы бастамаларды енгізу мәселелері талқыланған.

«Бұл - антимонополиялық органдардың қоғаммен, бизнеспен белгілі бір нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті қорғау бойынша кері байланыс орнатуының жаңа құралы», - дейді Марат Құсайынов.null 

«Еуразия апталығы» ІІІ Халықаралық көрме форумы Ереванда 2018 жылдың 22-24 азан айлары аралығында өтеді. Форум аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің билік, реттеу органдары мен экономикалық ұйымдардың өкілдері трансшекаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті және ЕАЭО елдерінде антимонополиялық реттеу мәселелерін талқылау үшін бизнес-қауымдастықтармен кездесу өткізеді.

Осыған дейін АХҚО мүмкіндіктері Еревандағы «Еуразия апталығы» форумында таныстырылғандығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар