ЕҮК отырысында қара және түсті металл қалдықтарын Қазақстан аумағынан шығару мәселесі қаралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда Одақтас елдер үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы бейнеконференция режимінде өтеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина онлайн брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында тоғыз мәселе қаралады. Атап айтқанда, техникалық реттеу министрі Виктор Назаренко түзетулер, техникалық регламенттер, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және оған қатысты құжаттар жиынтығы туралы есеп береді.

«Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаккалиев Үкімет басшыларына биыл 17 шілде күні үкіметаралық кеңесте комиссия берген тапсырмаларын орындауы туралы есеп береді. Яғни, мемлекеттік сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шыққан елін анықтау ережелері бойынша жұмыс барысы туралы. Болашақта бұл Одақ елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімді болатын өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыруға ықпал етеді», - дейді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина.

Оның айтуынша, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қара және түсті металл қалдықтарын Қазақстан аумағынан Одақ құрамындағы басқа елдерге теміржол құралы арқылы шығару мәселесі қаралады.

«Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы осы мәселе бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне шағымдану құқығын пайдаланды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар