+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Етті қымбатқа сатып беремін: Алаяққа алданған өскемендік 4 млн теңге шығынға батты

2021 жылғы 4 тамыз 14:15
Бөлісіңіз:
Етті қымбатқа сатып беремін: Алаяққа алданған өскемендік 4 млн теңге шығынға батты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 40 жастағы әйел алаяқтың арбауына ілігіп, 4 млн теңге шығынға батты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Телефоныңызды қаржы алаяқтарынан қалай қорғауға болады Алматыда алаяқтар жалға алынған қымбат пәтер мен көліктерді сатып отырған Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі әйелдер ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі полиция бөлімшесіне 40 жастағы әйел жүгінген.

Өз сөзінде ол қаладағы сауда үйлерінің бірінде алаяқтық жолмен сенімге кірген бейтаныс әйел адамға сиыр етін бергенін айтты.

Жәбірленушіге кел ген материалдық шығын мөлшері – 4 млн теңгеден асады.

«Белгілі болғандай, шаһар тұрғынын әңгімеге тартқан алаяқ өзінің ірі шаруа қожалығы бар екенін, оған етті қымбат бағамен сатуға көмектесетінін жеткізген. Мұндай ұсынысты естіген азаматша көп ойланбастан тауарды бере салады. Әйел адам етті алғаннан кейін бірнеше күн ішінде ақшаны алып келуге уәде берген. Алайда біраз уақыттан кейін мүлде байланысқа шығуды қойды», - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 48 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT