+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Есту қабілетінің жоғалуы, қан тамырлары тромбозы: Дельта штамы туралы не білуіміз керек

2021 жылғы 30 шілде 13:55
Бөлісіңіз:
Есту қабілетінің жоғалуы, қан тамырлары тромбозы: Дельта штамы туралы не білуіміз керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары санатты білікті дәрігер, фтизиатр Анна Цепке коронавирустың жаңа түрі - Дельта штамының қауіпті екенін айтты. Фтизиатрдың айтуынша, бұл штамм қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады және өзіндік белгілері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қанша қазақстандық коронавирус вакцинасының толық компонентін алды Бір тәулікте 3 мыңға жуық адам коронавирустан жазылып шықты Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырды

«Жұқтырған сәттен бастап 7 күн ішінде адамда клиникалық белгілер тез дамып, ауыр түрге айналуы мүмкін. Мұнда назар аударатын негізгі белгілер: ЖРВИ-ге өте ұқсас (тамақтың ауруы, мұрыннан су ағуы, бас ауруы). Сонымен қатар, коронавирус симптомы ретінде бәрімізге белгілі иіс сезудің жоғалуы бұл штамда кездесе бермейді.

Сондай-ақ, Дельта штамында тыныс алу белгілерінен басқа, іштің ауырсынуы, диарея, жүрек айну мен құсу, буынның ауыруына назар аудару керек. Сарапшылар бұған есту қабілетінің жоғалуын және төменгі аяқ тамырларының тромбозын қосады», - дейді дәрігер.

Анна Цепке жедел респираторлық инфекцияға ұқсас белгілер пайда болған кезде (коронавируспен ауырғандар санының өсуін ескере отырып) басқа аурулар туралы ойлаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Өзін-өзі оқшаулап, толық тексерістен өтіп, ПТР-тест тапсыруы және болашақта мамандардың кеңестеріне құлақ асулары тиіс.

«Бүгінгі таңда Дельта штамы бүкіл әлемде ең қауіпті вирус болып саналады. Бұл штамм бүкіл медициналық қауымдастықта үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл вирустың тез жұғатындығымен байланысты. Егер коронавирустың бұрынғы штамдарынан инфекция 1-ден 4 адамға дейін жұғатын болса, Дельта нұсқасында - 1-ден 7 адамға дейін», - деп қосты спикер.

Өзіңізді қалай оқшаулауға және қорғауға болады деген сұраққа, жоғары санатты дәрігер инфекцияның бұрынғы түрлерінде сақталған барлық маңызды ұсыныстарды қайталады.

«Барлық алдын-алу шараларын, бетперде киюді, вакцинацияны сақтаған жағдайда ғана өзіңіздің, сондай-ақ туыстарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын сақтай аласыз деп қайталап айтудан жалықпаймыз. Вирус мутацияға ұшырап, күшейе түсті. Денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз. Егер өзіңізді қазір қорғамасаңыз, екпе салдырмасаңыз, кейін кеш болуы мүмкін», - деп қорытындылады фтизиатр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT