Эстонияда бензин бағасы жаңа рекордтық көрсеткішке жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусымнан бастап Эстонияда жанармай бағасының күрт өсуі байқалды. Бір аптада баға орташа есеппен 2-3% көтерілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі ERR-ға сілтеме жасап.

Жоғары сұранысқа ие АИ-95 бензинінің құны литріне 2,079-дан 2,119 еуроға дейін өсті. Бұл ретте 18 мамырда отынның бұл түрінің бағасы литрі үшін 2,059 еуроға көтерілген кезде баға рекордтық саналған еді.

Дәл осындай жағдай АИ-98 маркалы бензинге де қатысты. Ол литріне 2,129 еуродан 2,169 еуроға дейін қымбаттап, апталық өсім 1,8% көрсетті.

Ең жоғары көрсеткіш дизель отынына тіркелді. Оның бағасы литріне 1,889 еуродан 1,949 еуроға дейін, яғни 3% артты.

Эстонияда жанармай бағасының қымбаттауы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуіне байланысты болып отыр. Ол барреліне 120 долларды құрап, ең жоғары деңгейге жетті.


Соңғы жаңалықтар