ESPN телеарнасы Геннадий Головкинді номинацияға ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN телеарнасының Твиттері өз оқырмандарына қазіргі боксшылар ішінен ең үздік джеб көрсеткен боксшыны таңдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл тізімге қазақстандық орта са л мақтағы боксшы Геннадий Головкин де енді. Көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер джеб оның басты қаруы дейді.

39 жастағы қазақстандыққа келер болсақ, ол өзінің соңғы айқасын желтоқсанда өткізген болатын. Аталған жекпе-жекте Головкин жетінші раундта поляк Камил Шереметаны «мерзімінен бұрын жеңді». Геннадий мамырда шаршы алаңға қайта оралып, мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі керек еді. Алайда бұл айқас болмайды. Енді GGG-дің ықтимал қарсыласы – жапон боксшысы Риота Мурату.


Соңғы жаңалықтар