+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Есірткімен айналысқан Ақмола облысының 4 тұрғыны ұсталды- ҰҚК

2019 жылғы 5 желтоқсан 17:08
Бөлісіңіз:
Есірткімен айналысқан Ақмола облысының 4 тұрғыны ұсталды- ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті «PVP» синтетикалық есірткі тарататын ұйымдасқан топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда: Айран ішінен есірткі табылды Алматыда есірткі саудалаушы ұсталды Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды

«Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды.Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды», - делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті осы фактіні ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша СТБТ-ға тіркеді. Ұсталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT