Есірткі жарнамасы бар баннерді орналастырушы делдал Қарағандыда ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері есірткі таратушы сайттың QR коды бар жарнамаға кім тапсырыс бергенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тапсырыс берушімен қатар, сенім жүктелген тұлғаны, Алматы қаласындағы дайындаушы фирманы, сондай-ақ осы баннерлерді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қалаларында орналастырған заңды тұлғаларды анықтады.

«Қазіргі уақытта делдал қамауға алынды. Процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Баннер жарнамаларын орналастырған заңды тұлғалар үшін әкімшілік хаттамалар дайындалды. Бұл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау» туралы 423-бабы», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда екі баннер орналастырған жарнама жасаушыға 300 АЕК немесе 757 мың 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция қызметкерлері есірткіге жарнама жасап, баннер ілгендерді іздеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ал, Алматыда есірткіні жарнамалаған баннердің қалай пайда болғанын әкімдік түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда күдікті QR код бейнеленген баннерлер алынып тасталды.

ІІМ Қазақстанда есірткінің жасырын жарнамасы бар 8 баннерді анықтады.

Соңғы жаңалықтар