Есірткі сатқан қарағандылық 11 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысында есірткі қылмысының саны ұлғайған. Талдау көрсеткендей, әлеуметтік желілер мен қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерінің қарқынды дамуы қаскүнемдерге жәбірленушілермен тікелей байланыссыз түрлі қылмыс жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста әртүрлі мессенджерлер арқылы бетбелгілерді орналастыру арқылы байланыссыз жолмен есірткі сату кең таралған.

«Биыл Қарағанды қаласының тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ол «Telegram« мессенджерін пайдаланып, қала бойынша есірткі заттарымен бетбелгілерді салып жүрген. Сонымен қатар ағымдағы жылдың наурыз айында сотқа облыстың тумасына қатысты қылмыстық іс жіберілді, ол да «Telegram« арқылы «Альфа – PVP« препаратын сатқаны анықталды. Аталмыш қылмыс үшін ұсталғандар 10 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, аймақ прокурорлары осы санаттағы қылмыстардың негізгі бөлігін (133 немесе 64%) есірткіні сату емес, оларды медициналық емес тұрғыда тұтыну, дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу мақсатынсыз тасымалдау (ҚР ҚК 296-бабы) құрайтынын атап өтті.

Осыған байланысты Қарағанды облысының прокуратурасы ата-аналарға өскелең ұрпақтың мінез-құлқына, есірткіні қолданудың негізгі белгілеріне назар аударып, олардың денсаулығына зиян тигізетінін естен шығармауға шақырады.

Құқық қорғау қызметкерлері ата-аналардан балаларына назар аударуды сұрайды. Есірткіні қолданудың негізгі белгілері мынау:

- ол өз бөлмесінде бір нәрсе жасырып тұрғандай күйде жүреді;

- баяу немесе тым жылдам сөйлеу;

- ақша мен заттар үйден жоғалады;

- тәттілерді көп жейді және көп су ішеді;

- ашуланшақ, оқшау жүретін болады;

- көздің ерекше жылтырлығы;

- тіс аурулары, құрғақ тері;

- қолда, ішекте, аяқта, қолтықта инъекция іздері пайда болады, тамырдың түсі көк түске енеді.

Есірткіні заңсыз пайдаланғаны, дайындағаны, сақтағаны, иемденгені, тасымалдағаны, сатқаны және жарнамалағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазамен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар