Есімов ұлттық компания қызметкерлерінің қомақты бонустарын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов ұлттық компания қызметкерлеріне бонус қалай есептелінетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бонус анықталатын сәлетте корпоративтік басқару болады. Ең алдымен KPI (Key Performance Indicators – тиімділіктің негізгі көрсеткіштері) белгіленетін бірнеше санат бар. Егер сол KPI 20, 30 пайызға және одан көп пайызға орындалса, мұның барлығы есепке алынады. Содан кейін барып Директорлар кеңесі бонусты бекітеді», - деді Ахметжан Есімов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, қызметкерлерді сапалы жұмыс істеуге ынталандыру үшін бонус қажет.

«Бұл компанияларда жұмыс істеу оңай емес. Олар біздің жетекші компанияларымыз. Сондықтан ол жерде өте жақсы мамандар болуы тиіс. Себебі жақсы мамандар өте үлкен пайда әкеледі. Аталған компанияларда кәсіби мамандардың жұмыс істеуінің арқасында біз жақсы табысқа жетіп отырмыз», - деді қор басшысы.

А.Есімовтің сөзіне қарағанда, жасалған жұмысқа аудит жүргізілгеннен кейін ғана қызметкерлерге бонус беріледі.


Соңғы жаңалықтар