«Есіл» командасы шағын футболдан ҚР Президентінің Суперкубогын иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шағын футболдан Қазақстан Президенті Суперкубогының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Футболдан әуесқойлар лигасына сілтеме жасап.

«Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді.

Матчтың негізгі ойын уақытында және қосымша 5 минуттан 2 таймда да жеңімпаз анықталмады. Ойын есебі 1:1-мен тең қалды. Командалар бірінші тайымның алғашқы минуттарында қарсылас қақпасына бір голдан ғана салды.


Алтын медалді кім иеленетіні ұзақ пенальти барысында анықталды (8:7), онда «Qurman» командасының бір ойыншысы ғана қақпаны дәл көздей алмады.
Пенальти тебуден «Есілдің» жолы болды. Чемпиондарға кубок пен 1 млн теңге берілді.


«Biim League» турнирдің қола медалін алды. 3-орынға таласта «Biim League» «ДИиК МО РК» командасын 7:2 есебімен жеңді.

Үздік ойыншы - Никита Утробин (Biim League)

Үздік шабуылшы - Алмас Зиятов (ДИиК МО РК)
Үздік қорғаушы - Марсель Нығматжанов (Qurman)
Үздік қақпашы - Марат Дайыров (Есіл)

Турнирге 10 футбол командасы қатысты.


Соңғы жаңалықтар