Есік пен Берелде визит орталықтары салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі елдегі жетекші республикалық музей-қорықтардың бәріне визит орталықтар салмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі барысында осы бағыттағы жоспарларын ортаға салды.

«Еліміздің барлық жетекші республикалық музей-қорықтарының аумағында визит орталықтардың құрылысы мен оларды музейлендіру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы «Ұлытау» музей қорығы визит орталығының құрылысы аяқталды. Биыл Сауран, Гауһар ана және Ордабасы визит орталықтарының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, 2022 жылы құрылысы жоспарланып отырған «Есік» және «Берел» визит орталықтарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде.


Соңғы жаңалықтар