+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ешкім жұмыстан қысқармайды, баға қымбаттамайды – Өскемендегі құс фабрикасы

2020 жылғы 27 наурыз 14:10
Бөлісіңіз:
Ешкім жұмыстан қысқармайды, баға қымбаттамайды – Өскемендегі құс фабрикасы

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы құс фабрикасында төтенше жағдайға орай санитарлық бақылау күшейтілді. Кәсіпорында күн сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, барлық жұмысшылар медициналық маскалармен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне фабриканың директоры Ришат Раисов айтып берді.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ 1976 жылы құрылған. Ірі отандық кәсіпорын 44 жыл бойы еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп келеді. Нақты айтсақ, онда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 30 мұздатылған, 32 салқындатылған және 14 маринадталған жартылай дайын өнімдер шығарылады. 2019 жылы фабрикада 29 мың тонна ет өнімі өндірілді.

«Қазіргі уақытта біз бұрынғы кестеге сәйкес, 08.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеудеміз. Бірақ Қазақстанда коронавируске тосқауыл қою үшін төтенше жағдай жарияланғанына орай, санитарлық бақылау күшейтілді. Күніне 3-5 рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Фабрика жұмысшыларын автобуспен үйден алып кетіп, жеткізіп тастаймыз. Сол автобустар да талапқа сәйкес залалсыздандырылуда», - дейді Ришат Раисов.

Бүгінде кәсіпорында 770 адам еңбек етеді. Әр күн сайын олар жұмысқа келгенде кіреберісте тепловизормен тексеріледі. Фабрикадағы 2 медицина қызметкері де жұмысшылардың денсаулығын ұдайы бақылап, сақтық шараларын түсіндіріп жатыр.

«Кәсіпорынға бөгде ешкім кіргізілмейді. Антисептиктер, жеке гигиена заттары жеткілікті. Жұмысшылар толықтай медициналық маскалармен қамтамасыз етілген. Түскі ас кезінде олар асханада бірнеше топқа бөлініп кезек-кезек тамақтанады. Бір топта 10-15 адамнан. Содан кейін асхана тазартылып отырады», - дейді кәсіпорын директоры.

Оның айтуынша, фабрикада ешкім жұмыстан қысқартылған жоқ. Еңбекақы да бұрынғы көлемде уақытылы төленуде. Сондай-ақ шығарылған өнім бағалары да қымбаттамайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT