Есеп комитетінің екі мүшесі тағайындалды - Мәжіліс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламенттің әр палатасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындайды. Сондай-ақ олардың кандидатурасын палата төрағасы ұсынады. Бүгінгі күні есеп комитетінің екі мүшесінің өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты екі бос орынға Рүстем Нұрпейісовтің және Юлия Энгельдің кандидатурасын ұсынып отырмын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Палата депутаттары аталған кандидатураларды қолдап, олар Есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

Рүстем Нұрпейісовтің білімі жоғары, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында халықаралық сертификаттары бар. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Есеп комитеті аппараты Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу бөлімінің басшысы, мемлекеттік аудитор қызметін атқарып келеді.

Юлия Энгельдің білімі жоғары. 2017 жылдан бастап қазірге дейін Есеп комитеті аппаратының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар