Ержан Нұрлыбаев: Теміртауда екі адам коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда өткен онлайн-брифингте коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев инфекция жұқтырғандардың жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев әлеуметтік желілерде таратылатын жалған хабарламалар туралы баяндады.

«Теміртау қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 оқиғасы тіркелгенні туралы ақпарат жалған! Күн сайын біз сіздермен эпидемиология саласы бойынша өзгерістер туралы сенімді ақпарат алу үшін кездесіп отырмыз», - деді Ержан Нұрлыбаев.

Ведомство басшысы өңір тұрғындарын ресми түпнұсқаға сілтемесіз таратылатын күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды. Сондай-ақ, үрейге бой алдырмай, жалған ақпаратты таратуға болмайтынан еске салды. Бұл үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қарағанды облысында короновирустық инфекция жұқтырудың 2 оқиғасы тіркелді.

Пациенттер оқшауланған инфекциялық бөлімшеде орналасқан. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Олар қажетті ем алуда.

Қарағанды облысында тәулік бойы бақылау жасалатын карантинде 124 адам бар. Үй карантинінде 31 адам, медициналық бақылауда өзін-өзі оқшаулаусыз – 249 адам, қашықтықтан мониторингте (күнделікті қоңырау шалу) 277 адам.

Үй карантиніндегі адамдар үшін Damumed қосымшасында өзінің жай-күйін мониторингілеуге арналған жаңа қызмет пайда болды. Пайдаланушы күнделікті өзінің денсаулығы туралы ақпаратты толтырады, ол дереу емдеуші дәрігерге түседі.

Сонымен қатар, қосымшада әрбір пайдаланушы онлайн тесттен өте алады. Ол коронавирустық инфекцияға тән симптомдардың болуы немесе болмауы туралы бірқатар сұраққа жауап бере отырып, дәрігерді шақыру керек пе, әлде жоқ па екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер қосымшаның жаңа нұсқасында қолжетімді.

Сондай-ақ, басқарма басшысы маскаларға қатысты жағдай туралы да баяндады.

«Маскалар жергілікті өндірушіден әлеуметтік дәріханаларға түсіп жатыр. Кеше 18 500 дана маскак жеткізілді. Сондай-ақ әлеуметтік дәріханалар жоспарлы түрде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Олар енді 26 наурызда, бейсенбі күні жеткізіледі», - деді Ержан Нұрлыбаев.


Соңғы жаңалықтар