Ержан Максим мен ұлыбританиялықтар Лондоннан видео жолдады

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның қазақстандағы Елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында осы күндері Лондонда жүрген қазақстандық жас әнші Ержан Максимнің және аталмыш елдегі өзге адамдардың Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған видеоларын орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәлем, құрметті достар! Лондоннан жалынды сәлем! Келіп жеткен Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңыз әрқашан аман болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп лебізін білдірді Ержан.

Сондай-ақ елшіліктің аккаунтында ұлыбританиялықтар мен осы елде жүрген түрлі ел азаматтарының Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен қазақ тілінде құттықтаған видеосы жарияланды. Олардың арасында жастар мен балалар бар.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, тыныштық, молшылық, бақыт, бақ-дәулет, ұзақ ғұмыр, береке-бірлік, тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Мереке құтты болсын! Алға Қазақстан!», - делінген онда.

Соңғы жаңалықтар