Ержан Максим қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Ержан Максим қазақстандықтар мен тыңдармандарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құттықтау видеосын әнші өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Ассалаумағалейкум, құрметті инстадостар! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан аман болыңыздар! Аспандарыңыз ашық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ержаннан жалынды сәлем Мәскеуден», - деді жас әнші.

Сонымен бірге, әнші өзіне қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Еске сала кетсек, 16 желтоқсанда Ержан Максим қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Ұлыбританияның Лондон қаласынан сәлем жолдаған еді.














Соңғы жаңалықтар