Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Ауғанстанға жұмыс сапарымен келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.


Соңғы жаңалықтар