«Ертіс орманы» резерватындағы өрт 1000 гектар аумақты шарпып үлгерді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Шарбақты ауданында орналасқан «Ертіс орманы» резерватындағы өрт 1000 гектар аумақты шарпып үлгерді. Оқиға орнында 45 техника және ТЖД жеке құрамының 183 өрт сөндірушісі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«23:30-дағы жағдай бойынша жолданған ақпаратқа сай, өрт Шарбақты ауданы Галкинск ауылдық округіндегі дала орман шаруашылығының № 46, 47, 48, 49, 64-73 кварталында болып жатыр. Орманды алқапта құрғақ шөп және ағаштар (қарағай) өртенуде. Жалын шарпыған аумақ 1000 гектарға жетті. Оқиға орнында 45 техника және ТЖД жеке құрамының 183 өрт сөндірушісі жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер жоқ» деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Ернұр Өтегенов.

Айта кетейік, бұған дейін «Ертіс орманы» резерватында өрт болып жатқанын, онда 130 өрт сөндіруші тілсіз жаумен арпалысып жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар