Ертіс өңірінде көпбалалы отбасылар үшін 143 пәтер сатып алынады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде көпбалалы отбасылар үшін 143 пәтер сатып алынады. Мұндай баспананы сатып алу үшін 1,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Ажмұрат мәлімдеді.

- Бөлінген қаражатқа 143 пәтер сатып алу жоспарлануда, - дейді Асқар Ажмұрат. - Сәуір айында Ақсу қаласында Астана көшесі, 58 үй мекенжайы бойынша қайта жаңартылған ғимараттан 57 пәтер сатып алынды.

Сонымен қатар, Ақсу қаласында 28 екіпәтерлі тұрғын үй салынуда. Әр үй 90 шаршы метрлік үш бөлмелі екі пәтерден тұрады.

- Үйлер барлық орталық коммуникациялармен қамтылады, - деп атап өтті Асқар Ажмұрат. - Оның ішінде телефон желісі де тартылады. Тамызда тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 56 көп балалы отбасы өз пәтеріне кіре алады.

Сондай-ақ көпбалалы отбасыларды Ленин кентіндегі қайта жаңартылатын бес қабатты үйге орналастыру жоспарланған. Сараптамадан оң нәтижемен өткен жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. 30 пәтерді сатып алуға 252 миллион теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар