Ертең Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай астанада отшашу болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік күні қарсаңында елорданың 3 көрікті жерінде отшашу болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 15 желтоқсанда демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік салют қойылады. Отшашу кешкі сағат 21.00-де 3 жерде болады:

1. Ботаникалық бақ;

2. Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы;

3. Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы (Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы)», - деп жазылған баспасөз қызметі берген мәліметте.

Айта кетейік, осы аптада елорданың мәдениет мекемелері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 40-тан астам түрлі іс-шара өткізеді.

Өнер ұжымдарынан бөлек елорда кітапханалары көрмелер мен тарих сағаттарын, онлайн-суреттер байқауын, ақындар сайысын өткізеді. Барлық жоспарланған іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар