+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ертең білім грантына өтініш қабылдаудың соңғы күні: Министрлік үндеу жасады

2021 жылғы 24 шілде 20:45
Бөлісіңіз:
Ертең білім грантына өтініш қабылдаудың соңғы күні: Министрлік үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 16 -25 шілде аралығында жүргізіледі.

Құрметті білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысушылар!

App.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізден (ҰБТ-ға тіркелген кездегі логин/құпиясөзді енгізу арқылы) грантқа қатысу өтінішіңіздің мәртебесін көре аласыздар.

Таңдалған жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының топтары (халықаралық сертификаттардың ескерілуі, квоталардың қарастырылуы, басым құқық иегері категориясының белгіленуі - бар болған жағдайда) сынды ақпаратты көруге болады.

Ақпарат шықпаған жағдайда құжат қабылдайтын ЖОО ретінде таңдаған оқу орнына хабарласуыңызға болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, білім грантына қатысу үшін 100 мыңға жуық өтініш түсті.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет. ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына өтініш беруге көмектесетін нұсқаулықты жариялады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT