Ертең Атырауда оқушылар сабақты қашықтан оқиды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ертең, 11 қаңтарда оқушылар сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтың мәліметінше, бұл балалардың денсаулығын, қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолға алынған.

«Біз үшін балалардың қауіпсіздігі мен өмірі бәрінен маңызды. Сондықтан сайлау учаскелері орналасқан білім нысандары ертең толығымен дезинфекцияланады. Сол себепті 11 қаңтарда мектептерде сабақ қашықтан оқыту форматында өтеді. Ал 12 қаңтардан бастап 1-4 сынып оқушылары ата-анасының өтініші негізінде кезекші сынып режимінде оқуды жалғастырады», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 9-11-сынып оқушылары сабақты қашықтан оқуды жалғастыратынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар