Ермұхамет Ертісбаев: Нұрсұлтан Назарбаев - ТМД көлеміндегі ең либералды реформатор

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев - бұл өткеннің бар жақсысын бойына сіңірген, қазіргі уақытта белсенді әрекет ететін және болашақты анық көретін бірегей саяси қайраткер.

Мұндай пікірді белгілі қазақстандық саясаттанушы және қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшбасшымен біздің жолымыз болды, ал көшбасшының халықпен жолы болды дегім келеді. Назарбаев өз еркімен әрекет ете алды. Наразылыққа қарамастан, әлемдік тарихтағы хрестоматиялық үлгіге айналған Астананы көшірді. 21-ші ғасырдағы осы алып жобаның орындалуын қаламаған миллиондаған адамдардың қарсылығына төтеп берді. Назарбаев Ресей, Қытай және мұсылман әлемі арасында қуатты, күшті мемлекет пайда болған жаңа геосаяси шындықты құрды. Нұрсұлтан Назарбаев - бұл өткеннің бар жақсысын бойына сіңірген, қазіргі уақытта белсенді әрекет ететін және болашақты анық көретін бірегей саяси қайраткер. Ол жеке тұлға ретінде, саясаткер ретінде Кеңес Одағында қарапайым азаматтарға мемлекеттік лауазымдардың шыңына жетуге мүмкіндік беретін қатаң орталықтандырылған қоғамдық-саяси жүйеде қалыптасты. ТМД-дағы ең сәтті либералды реформатор болды дей аламыз. Мұны барлық халықаралық сарапшылар, институттар мойындайды», - деді Ертісбаев.

Сондай-ақ, ол халықаралық конференция барысында Ұлт көшбасшысы қандай қасиеттерімен феномен атанды ?,– деген сұрақа жауап берді.

«Назарбаев посткеңестік кеңістіктегі идеологияға, саясатқа және саяси партиялардың құрылысына, рухани құндылықтарға баса назар аударатын жалғыз ірі саясаткер шығар. Оның «Қоғамдық сананы жаңғырту» атты еңбегінің өзі оның күрделі идеяларды, ойларды қарапайым және жай адамдардың жүрегіне жететін ойға айналдыру қабілеті, сөздері мен сөз тіркестері – осының бәрі оның Ұлт көшбасшысы ретіндегі шынайы мәртебесінің құрамдас бөлігі»,– деді қоғам қайраткері.


Соңғы жаңалықтар