+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Ермек Омарбеков: Коронавирусқа сенбейтіндерді реанимация бөлімшелеріне шақырамын

2021 жылғы 6 тамыз 09:45
Бөлісіңіз:
Ермек Омарбеков: Коронавирусқа сенбейтіндерді реанимация бөлімшелеріне шақырамын

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков вакцина алғандардың вирус жұқтырса да реанимацияға мүлде түспейтіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 197 милионнан астам ағаш отырғызылмақ Өскеменде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды ШҚО тұрғындары көмір сапасыздығына шағымдануда

«Індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина. Бұған сенбейтіндерді жұқпалы ауруханалар мен реанимация бөлімшелеріне шақырамын. Көзбен көрген соң әркім өзінің мұндай хәлге түсіп қиналғанын қаламайды. Сонда ғана вирустан қорқып, вакцина алу керектігін түсінеді», - деді Ермек Омарбеков.

Оның айтуынша, вакцина салдырғандардың жалпы санының тек 1,6 пайызы ғана коронавирус жұқтырған.

«Олар ауруды жеңіл және орташа түрде өткерді. Ешқайсысы реанимацияға түскен жоқ. Себебі олардың иммунитеті мен антиденелердің титрі жоғары», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бүгінгі таңда өңірде вакцинаның бірінші компонентін 440 мыңға жуық, ал екінші компонентін 335 мыңнан астам адам алған. Аймақта әлі 80 мың вакцина дозасы бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT