Ермек Маржықпаев: Елорданың іргесіндегі 20 елді мекенде газ желісінің құрылысы басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы және Целиноград аудандарындағы 20 елді мекенде газ тарату желісінің құрылысы басталды.

Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «2019 жылдың әлеуметтік–экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылдың негізгі міндеттері туралы» халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде аймақ басшысы өңірде газ тарту және жылумен жабдықтауды жаңғырту мәселелеріне тоқталды.


«Қызылорда - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Сары-Арқа» магистралды газ құбыры құрылысының бірінші кезеңі шеңберінде елорданың іргесіндегі Аршалы және Целиноград аудандарындағы 20 елді мекенде газ тарату желісінің құрылысы басталды. Жоба жүзеге асырылған кезде 50 мың адам көгілдір отынға қол жеткізеді.

«Бүгінгі күні 9 жоба бойынша мемлекеттік сараптама алынса, 4 жобаның сараптамасы осы ақпан айында дайын болады», - деді Е.Маржықпаев.



Соңғы жаңалықтар