Ермек Маржықпаев: Биыл 11 ауылда су құбыры жүйесі салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде аймақ басшысы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Өткен жылы облыстың 8 ауданындағы 11 ауылда сумен жабдықтау жақсарды. Мәселенің шешімі елорда маңындағы өңірлердің тұрғындары үшін басты назарда. Ұзақ уақыт бойы ауыз суға мұқтаж болған Целиноград ауданының Қаражар ауылының тұрғындары бүгінде сапалы ауыз суды пайдаланады.

«Ағымдағы жылы тағы 11 ауылда су құбыры жүйесі салынады. Жалпы облыс бойынша ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 87 пайызға жетеді», - деді Ермек Маржықпаев.

Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әрбір ауыл мен қаланы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2023 жылға дейін сумен жабдықтау жүйесін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді.

Бүгінде облыста орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсетікші 60,7 пайызға жетті.


Соңғы жаңалықтар