Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің еңбекақысы қандай көлемде артқанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің еңбекақысы қандай көлемде артқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Парламент Сенатындағы Үкімет Сағатында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру тақырыбы талқыланды.

Жол картасының маңызды бағыты қызметкерлерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік қорғау жүйесін жақсартуға негізделген.

«Үнемделген қаржы мен қосымша бюджеттен бөлінген 20 млрд теңге 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қызметкерлерге жалақыларын саралап арттыруға бағытталды. Осы орайда 65 пайызға патрульдік полицияның, 55 пайызға жедел-тергеу бөліністерінің, 25 пайызға учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларының, сондай-ақ 20 пайызға полиция және ҚАЖ қызметінің қалған қызметкерлерінің еңбекақысы өсті», - деді Е. Тұрғымбаев.

Сонымен қатар ол тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлердің тізбесі кеңейтілгендігін жеткізді.

«Жедел-тергеу бөліністерімен қатар, осы құқық учаскелік, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларына, патрульдік полицейлеріне берілген. Қазір өтемақыны 15571 немесе 46,4 пайыз тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер алады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар