Ерлан Саиров: ТЖ режимін ұзарту шешімі – объективті қажеттілік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешім объективті қажеттілік. Саясаттанушы Ерлан Саиров осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде коронавируспен күрес шараларына ерекше мән беріліп отыр. Осы орайда ел халқының денсаулығы мен өмірі үшін қажетті қадамдар іске асырылуда. Бұл тұрғыда қабылданған шешім өте қажет деп ойлаймын», - деп тоқталды И. Саиров.

Осы орайда ол аталған шешім аясында адам өмірін аман алып қалу секілді маңызды шарт айрықша назарда екенін атап өтті.

«Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі өзінің нәтижесін бере бастады. Соңғы үш-төрт күнде осы қалаларда вирустың таралуы қарқыны бәсеңдеді. Сондықтан бүгінде еліміздің барша аумағында инфекцияның таралуы қатерін жою керек. Жалпы, ел бойынша тиісті шараларды қатаңдату керек, бұл өз кезегінде объективті қажеттік», - деді Ерлан Саиров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Онда Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін созу қажеттігін және үш мегаполис пен өңірлердегі карантинді жалғастыруды тапсырды.

«Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.


Соңғы жаңалықтар