Ерлан Саиров: Қазақстан жаңа саяси дәуірге еніп келе жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында көтерілген ұсыныстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміздегі саяси трансформация және әлеуметтік модернизация мәселесі іс жүзіне асып жатыр. Саяси мәселелерге келетін болсақ, партия туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Жаңа сипаттағы митинг туралы заң қабылданады. Сонымен бірге, Парламент туралы заңға парламенттік оппозиция жөніндегі жаңа норма енгізіледі. Бұл мәселенің барлығы біздің еліміздегі адам индексінің дамуының, сонымен бірге адамдардың бостандығының артуына алып келетін нақты қадамдар», - деді саясаттанушы ҚазАқпарат тілшісіне.

Саяаттанушының айтуынша, бүгінгі нақты қадамдар – Қазақстандағы қоғам мен мемлекеттің, халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынастың жаңа тұрпатқа, адамгершілікті сыйлау, адамның еркіндігін, бостандығын сыйлау тұрпатына енгендігін көрсетеді.

«Бұл – бүгінгі таңдағы Қазақстанның жаңа саяси дәуірге кіріп келе жатқанының нақты белгісі», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қазақстанға «парламенттік оппозиция институты қажет» екенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар